|
Әлемде тұңғыш рет теріні жасартатын шоколад сатылымға шықты
|
АҚШ пен Еуропаның дүкен сөрелерінде ерекше шоколад пайда болды. Кәрілікке қарсы Esthechoc шоколадын британдықтар ойлап тапқан болатын. Қазір оның бір орамасын 54 долларға сатып алуға болады, деп жазады 24.kz.
Esthechoc-ты жеген адамның бойында қартаю үдерісі баяулап, терісі жас күйінде ұзақ сақталады. Әйелдер жағы болса, оны тұрақты жеген жағдайда терісі түлеп, құлпырып шығады екен.
Терінің жасаруы үшін бұл өнімнің құрамына астаксантин табиғи антиоксиданты қосылған. Бұл зат табиғи түрінде алтын балық пен қоқиқазда кездесіп, олардың түр-түсін үнемі әдемі етіп тұрады, деп жазады informing.ru. Ерекше антиоксиданттың көмегімен тері қабатындағы қан айналымы жақсарып, жаңарып, ол үнемі өз қалпын сақтап қалады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр