|
Әлемдегі ең әдемі ғимаратты білесіз бе?
|
Канн қаласында өткен халықаралық жылжымайтын мүлік көрмесінде әлемдегі ең әдемі нысандар таңдалды. Олардың арасында ең үздік жоба атанған Ұлыбританиядағы "Crossrail Place" ғимараты да бар. Айта кетейік, жоба архитекторы Норман Фостер – Астанадағы «Бәйтерек», «Хан Шатыр» және «Бейбітшілік пен Келісім сарайы» жобаларының да авторы. Биыл көрмеде алғаш рет Денсаулық сақтау саласындағы ерекше нысан таңдалды. Бұл аталым бойынша Ұлыбритания патшайымы Елизаветаның университет қабырғасындағы ауруханасы үздік деп танылды. Ал болашақта ең үздік архитекторлық нысан Бельгияда салынбақ. Льеж қаласының орталығында орын тебетін кешен вокзалмен бірге жалғасатын болады. Онда тұрғын үйлер мен ойын-сауық орталықтары да ашылады деп жоспарланған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай