|
Әлемдегі ең әдемі мешіт белгілі болды(фото)
|
Оның әдемілігі оның қарапайымдылығында. Қазір басылымдарда, сайттарда әлемдегі ең әдемі мешіттер деген рейтинг жүреді. Олар мешіттің әппақ мәрмәрдан қаланған қабырғаларын, қымбат люстраларын, зәулім мұраналары мен кең ауласына таңдай қағып жатады. Бірақ, олардың әдемілігі осы мешітке жетпейді.
Өйткені, бұл мешіт толықтай ағаштан тұрғызылған. Тіпті, мұнарасының өзін тұрғызу үшін түбіне тас үйіп қойған. Мешіт үлкен аумақты алып жатқан жоқ. Оған түйелі жолаушы да, жолдан өтіп бара жатқан кісілер де оңай-ақ бұрылып кіреді.
Қарапайым болса да құлшылық мекенін Аллаға шын берілген мүміннің өз қолымен жасағаны барша әлем мұсылмандарын әсерлендіріп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұл мешіт Эфиопия елінде орналасқан.


Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Елге кіргізілетін діни маңызы бар заттар үшін қосымша құн салығын алып тастауы мүмкін
■
Ауа температурасы Целсия бойынша 38 градустан асқанда жұмысты бірден тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін
■
Азиялық шағын мемлекет демографиялық дивиденд алу үшін аз жылда 6,5 млн жұмыс орнын ашуы тиіс