Араб елінде қасиетті Құранға қатысты көне дәстүр жаңғырып келеді
Араб елінде қасиетті Құранға қатысты көне дәстүр жаңғырып келеді
9 күн бұрын 659 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокко билігі ғасырлар бойы қалыптасқан игі дәстүрді жаңғыртып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл арада елдегі бірнеше қалада қасиетті Құранды оқып білу бойынша жария түрде оқу жылының аяқталғанын атап өтетін айтулы шара турасында сөз болып отыр. «Сұлтан әл Туллаб» деген атаумен белгілі мерекенің түп-төркіні 17 ғасырға барып тіреледі – Мұлай әл рашид есімді сұлтан кезінде бастау алған дәстүр. Өткен аптада әл Хажаб және Буфекран қалаларында ауқымды шеру өтті қасиетті Құранның құрметіне – тарихи мәні мен маңызы зор жоралғы кезінде қасиетті Құранды жақсы меңгерген түлек «Сұлтан» деген атқа ие болып, құрбы-құрдастары қаумалап, шеруге шығады. Қасиетті Құранды зерделеу жөніндегі Уарша имам қауымдастығының жетекшісі Әбдірахман Букили мұндай шеру Құранды оқу жылының шарықтау шегін білдіретінін тілге тиек етті. Қасиетті Құранды оқып білу бойынша шәкірттер түрлі деңгеймен бағаланады: соңғы деңгейі – қасиетті Құранды бастан-аяқ жаттаған адамға тиесілі. Қасиетті Құранды тек жаттап алмайды, сондай-ақ, діни ілімінің академиялық, линвистикалық және ғылыми жетістігі ескеріледі. Мұндай шара өз кезегінде жастарды діни білім алуға ынталандырады. Осы орайда осынау игі шараның Марокконың отаршылдық кезеңінде ұмытылуға айналғанын айта кетпекпіз. Бүгінде мұндай игі шараға азаматтық қауымдастық қолдау білдіреді, аталған араб елінің мәдениетіне айналған. 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3