БҰҰ Бас Ассамблеясында Газа секторына қатысты жиын өтті
БҰҰ Бас Ассамблеясында Газа секторына қатысты жиын өтті
10 жыл бұрын 2760

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 69-шы сессиясында Палестинаға көмек көрсету мәселесі қозғалды.

Осы дүйсенбіде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 69-шы сессиясы аясында Палестинаға донорлық көмек көрсету жөніндегі уақытша үйлестіру комитетінің жиынында Газа секторын израилдік блокададан құтқару мәселесі талқыланды. Форумға БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, Палестинаның премьер-министрі Рами Хамдалла, Еуропалық одақтың, АҚШ-тың, Түркияның, Канаданың, Иорданияның, Италияның осы ұйымдағы елшіліктерінің, сондай-ақ, Бүкіл әлемдік банктің, Халықаралық валюта қорының өкілдері қатысты. Аталмыш жиында Палестина аумағындағы, соның ішінде, жуырда орын алған Израиль басқыншылығынан зардап шеккен Газа секторындағы әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық мәселелер талқыланып, инфрақұрылымды қалпына келтіру жайы сөз болды. Сондай-ақ, Газа секторын блокададан құтқарудың қажеттілігі де сөз болды.

0 пікір
Мұрағат