|
Dolce & Gabbana керемет хиджабтар коллекциясын ұсынды (ФОТО)
|
Италияның әйгілі «Dolce & Gabbana» сән үйі мұсылман өзгеше киім үлгілерін жұртшылықтың назарына ұсынды. Бұл жайында «IslamNews» порталы «The Daily Mail» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Аталмыш сән үйі мұсылман әйелдердің шариғат талаптарына сай киім үлгілерін тұңғыш рет ұсынып отыр. Әдетте бұл сән үйінің киім үлгілерін Голливудтың актерлері тұтынады.



