|
Елбасы қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады
|
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады. Елбасы құттықтауын бүгін «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты шарада ҚР Мемлекеттік хатшысы - ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берді.
«Қымбатты қазақстандықтар, құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Баршаңызды менің Жарлығыма сәйкес қыркүйек айының 2-ші жексенбісінде аталып өтілетін Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын. «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының мәресі осы айтулы күнге орайластырылған. Әрбір шаңырақтағы береке түптеп келгенде тұтас елдің берекесі. Адамға еңбекқорлық, отансүйгіштік, жасампаздық пен мейірімділік сияқты асыл қасиеттер отбасы арқылы дариды. Менің бастамаммен қолға алынған «Мерейлі отбасы» конкурсы қысқа мерзім ішінде жалпыхалықтық байқауға айналғанын ризашылықпен атап өтемін. Былтырғы жылға қарағанда биылғы жылы байқауға көп балалы отбасылар екі есе, жас отбасылар 1,5 есе көп қатысты. Сондай-ақ конкурсқа жалпы қатысушылардың 80 пайызға жуығы ауыл тұрғындары болып табылады. Олардың арасында әртүрлі мамандық иелері, ата кәсібін ұрпақтан-ұрпаққа мирас еткен еңбек әулеттері бар. Барлығы да құрмет пен мадаққа лайық. Бүгінгі мерейлі күнде әрбір қазақстандық отбасына қажырлы еңбек, тағлымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын лайықты жалғастырып келе жатқаны үшін зор ризашылығымды білдіремін. Берік отбасылық құндылықтар арқылы ғана мемлекеттің іргесі мығым, ғұмыры мәңгі болады. Баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік, жақсылық тілеймін! Шаңырақтарыңызға махаббат пен татулық салтанат құрсын!», - делінген ҚР Президентінің құттықтауында.
"Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары анықталды
Осынау байқаудағы жеңісі үшін Құлсариевтер отбасы арнайы мүсін мен диплом және Қазақстанда жасалған IVECO шағын автобусын алды.
"Құрметті отандастар! Осыншама жасқа келіп осы байқауға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Елбасымыздың саясаты арқасында қазір жағдайымыз түзелді. Менің 18 балам, 46 немерем және 43 шөберем бар" дейді отағасы Орын Құлсариев.
Құлсариевтер отбасын Жетібай кентінде білмейтін адам жоқ. Отағасы Орын Құлсариев 77 жасында институтқа түсіп, жоғары білім туралы диплом алған.
.jpg)
Ертеректе 50-ші жылдары музыкалық училищені бітірген ол бірнеше жылдан соң еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атанады. Әйгілі «Маңғыстау маржандары» ансамб-лінің негізін қалаушы, Алжирдегі Х Халықа-ралық фестивальдің (1986 ж.). дипломанты. Қазір 83 жаста болса да, ақсақал бос отырмайды, кенттегі халық оркестрін басқарады. «Құрмет» орденімен марапат-талған, Маңғыстау облысының құрметті азаматы, “Аға домбы-рашы” құрметті атағы бар.
.jpg)
Бүгінде ол 12 бала, 43 немере, 41 шөбере тәрбиелеп отырған бақытты әке, ата. Тату-тәтті отбасының құрылғанына 66 жыл болды. Оның бала-шағасының бәрі музыкалық аспаптарда ойнап, ән салады. Ата кәсібін 3 қызы жалғастырып жүр, 4 баласы мұнай-газ саласында жұмыс істейді, қалғандары – білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, қаржы салаларында. (Балалар, немерелер мен шөберелер – 5 айдан 69 жасқа дейін).