|
Францияда араб тілі оқытылады
|
Жаңа оқу жылынан бастап, Францияның бірқатар мектептерінде тәжірибе жүзінде араб тілі шет тілі ретінде оқытылатын болады. Нақтырақ айтқанда, 392 бастауыш мектебінде француз тілімен қатар оқытылуы мүмкін. Бұған жуырда сайланған ел президенті Эммануэл Макронның араб тілі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігі себеп. Ол Франция билігіне келмей тұрып, Гавра басшысы болып тұрғанда қалада араб тілі оқытылатын мұсылман мектебін аштырған болатын. Айта кетейік, елдегі мұсылмандар Макронға дауыс берген еді. Сайлау науқанында. Макрон тағайындаған Франция премьер-министрі Эдуар Филипп те араб тілі мен мәдениеті десе ішкен асын жерге қояды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Ауа температурасы Целсия бойынша 38 градустан асқанда жұмысты бірден тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін
■
18 жастағы бойжеткен ауызсуды микропластиктен 95%-дан аса тазартатын әдісті ойлап тапты (видео)
■
Жарақатты теріде тыртық қалдырмай емдеу жолы табылды
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)