|
Інжір дәніне Құран сүресі жазылды
|
Түріктің микромүсіншісі өрмекші жібінің көмегімен інжір дәніне Ықылас сүресін жазып шықты. Бұл жайында түріктердің Yeni Şafak ақпарат көзі хабар таратты. Неджати Коркмаз есімді Күшадасы қаласының тұрғыны әлемге танымал үш микромүсіншінің бірі. Ол табаны күректей 30 жыл бойы музейден табан аудармай жұмыс істеп келеді. Түрік шебері өзіне осыдан 400 жыл бұрын Ықылас сүресін күріш дәніне араб тілінде жазған ұлы каллиграф Саид Қасым Гүбаридің өнер туындысы шабыт бергенін тілге тиек етті. Ол інжір дәніне Ықылас сүресін жазып шығуға аттай алты жылын сарп еткен. Ол бұл туындысын жасау барысында тек өрмекшінің жібін ғана емес, сонымен қатар, араның "инесін" де пайдаланғанын айта кету керек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ыстық суда өсіп, биология заңдылығын жоққа шығаратын тіршілік иесі анықталды (видео)
■
Тұмау вирусының жасушаға қалай жұғатыны таспаға тартылды (видео)
■
3D-принтерде басылған көздің мөлдір қабығы зағип пациенттің көру қабілетін қалпына келтірді (видео)
■
Әлемде алғаш рет биологиялық тұрғыдан ыдырайтын (шіритін) саңырауқұлақтан табыт жасалды
■
Обыр жасушаларын жоюдың тиімді әдісі табылды