Исі мұсылман қастер тұтатын қасиетті қаланы қайта құрылымдайды
Исі мұсылман қастер тұтатын қасиетті қаланы қайта құрылымдайды
2 ай бұрын 898 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі «Корол Салман қақпасы» деп аталатын ауқымды жоба аясында киелі Меккені күрделі жөндеуден өткізеді. Бұл жайында islam.kz порталы ArabNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш қала тарихындағы ең ірі жоба бойынша ең алдымен Харам мешітінің аумағы едәуір кеңейтіледі. Осы жөндеуден кейін мешіттің аумағы тағы 900 мың адамды сыйдыратын болады. Бұдан бөлек, жоспарға сай тұрғын үйлер мен мәдіни орталықтар кластері құрылып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін көлік инфрақұрылымы жақсарады. Негізінен киелі мекеннің тарихи маңызы зор мұраларын сақтауға айрықша назар аударылады. Соның ішінде 20 мың шаршы метрге тарта көне ғимараттар қалпына келтіріледі. «Корол Салман қақпасы» жобасы Vizion 2030 ұлттық бағдарламасының бір бөлігі ретінде экономиканы әртараптандыру бағытында жүзеге асырылады.

0 пікір
Мұрағат