"Ислам мемлекеті" қатарына тартылған тәжіктер азаматтығынан айырылады
"Ислам мемлекеті" қатарына тартылған тәжіктер азаматтығынан айырылады
10 жыл бұрын 3586 today.kz/ today.kz

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон шетелдердегі террористік құрылымдарға қатысып жүрген тұлғалардың автоматты түрде ел азаматтығынан айырылатыны нақтыланған жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Би-би-си.

Мемлекет басшысының шешімі тәжікстандық азаматтардың "Ислам мемлекеті" содырларының қатарына тартылуы туралы ақпараттардың негізінде қабылданды.

Осы елдің ішкі істер министрлігінен хабарлағандай, Ауғанстан мен Сирияда 600-ден астам тәжік соғысып жүр. Олар сондай-ақ "Талибан" және "Өзбекстанның ислам қозғалысы" қозғалыстарының жауынгерлерінің қатарында бар.

Сонымен қатар аталған жарлықта тәжік елінің азаматтығын алуға қатысты жайттар айтылған. Оған сәйкес, енді мемлекеттік тіл - фарси тілінде ауызекі сөйлей білу міндетті. Тәжістан аумағында туған балалармен қатар Тәжікстан елінің азаматына үйленген немесе тұрмысқа шыққан тұлға да осы елдің төлқұжатын иелене алады.

0 пікір
Мұрағат