|
Жаһан: 2016 жыл кітап оқуға арналады
|
Бұл шара Біріккен Араб әмірлігінің толерантты қоғам қалыптастырып, болашақ жас буынды ілімді, ойшыл, зерттеуші және жаңашыл болып өсуін көздеген мемлекеттік стратегия аясында қолға алынған ірі жоба.
«Кітап оқу – ақыл-ойды дамытады, төзімділікке тәрбиелейді. Еркін және жан-жақты ойлайтын білімді тұлға қалыптастырады. Бұл – дінді құрметсіздік пен экстремизмге ұластырмайтын өте тиімді әдіс» деді БАӘ әмірі, шейх Халифа бен Заед әл-Нахайян.
Ал мамандар пікірі әмірліктің тұрақты дамуы мемлекеттің экономикасы мен білім саласы шетелден алынатын импортқа емес, ел ішінде өз ғалымдары мен білімді буынын тәрбиелеуіне тығыз байланысты дегенді ұсынады.
Қытайлар ойдың күшімен басқарылатын көлік шығарды
XXI ғасыр сонау балалық шағымызда естіген немесе оқыған қиял-ғажайып ертегілердің шындыққа айналатын кезеңі сыңайлы. Бұлай дейтініміз, қытайлық Нанькай университетінің ғалымдары Great Wall компаниясымен біріге отырып, ми импульстарымен басқарылатын көлік жасап шығарыпты, деп хабарлайды TechInsider. Жаңадан ойлап табылған бұл көліктің жүргізушісіне руль керек емес. Себебі ол мидағы импульстер көмегімен машинаны алға-артқа жылжытқызып, тежеп, тоқтатып, оның есіктерін іштен құлыпқа қойып, қайтадан аштыра алады. Мұның барлығы адамның ми импульстерін есептеп, көлікке жіберіп тұратын арнайы құрылғының көмегімен іске асады. Жобаға қатысушылардың айтуынша, құрылғының ішінде жүргізушінің электроэнцефалограммасын тіркеп, ондағы сигналдарды дөп басып, орындаттырып отыратын 16 тетік бар екен. Бірақ, адам осы көлікті басқару кезінде жолда күрделі маневрлерді орындау үшін ойы тек оны жүргізуде болуы керек.
Дайындаған: Г.Абилова