Жаһандық жылынудан баға жетпес ескерткішке жойылу қаупі төніп тұр
Жаһандық жылынудан баға жетпес ескерткішке жойылу қаупі төніп тұр
1 ай бұрын 428 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Reuters, Ahmed Saad

Ирак билігі ел аумағындағы адамзат тарихында баға жетпейтін сәулет ескерткіштерінің жедел тозып бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, әлем қауымдастығына дабыл қақты. Бұл жайында islam.kz порталы Al-Sharq al-Awsat ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, климат дағдарысынан мыңдаған жылдарға төтеп берген тарихи жәдігерлерге жойылу қатері төнген. Құрғақ, ыстық ауа райы мен аңызақтан су мен топырақтың тұздану деңгейі жоғарылап кеткен. Соныі салдарынан Вавилон ежелгі қаласының үйінділері мен ішінара сақталған сәулет ескерткіштерінен жұрнақ та қалмауы мүмкін. Бұған қоса, құмды дауылдан көне құрылыстың солтүстік бөлігі эрозияға ұшыраған. 4000 жылдық тарихы бар Ур қаласындағы ескерткіштің жай-күйі туралы Дхи Кар провинциясының қадым заман мұралары департаментінің археологы  Абдолла Насралла осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, коимат дағдарысынан ескеткіш эрозияға ұшырап, үшінші қатпары зақымданған. Енді екінші қатпары эрозиядан тлза бастаған. Ескерткіш маңындағы Ура королдік зиратындағы қабір тастарын да тұз “жеп” жатыр. Оны 1920 жылдары британдық археолог сэр Леонард Вули ашты. "Тұз кендері жаһандық жылынудан пайда болды, олар зираттың маңызды бөліктерін бүлдіруде. Іс жүзінде тұз барлық құрылыстардан жасалған саз кірпіштерді жояды", - деп хабарлады Дхи Кар провинциясының көне ескерткіштер департаментінің қызметкері Казем Хұсын. Ур қаласында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген месопотамиялық өркениеттің ескерткіштері бар. Вавилондағы барлық көне құрылыстар саздан тұрғызылғандықтан тұздан ішінара опырылып жатыр. Археологтар тұз әлі жер қойнауынан шығарылмаған  артефактілерге зақым келтіруі мүмкін деп қорқады. "Тұздың жоғары деңгейі жер үстінде де, жер астында да қауіп төндіреді. Бұл археологтар әлі қазып, зерттемеген қалалардың қирауына әкеледі", - деп атап өтті Ирак мәдениет және туризм министрлігінің басшысы Монтасир әл-Хаснауи. 

 

0 пікір
Мұрағат