Катар денсаулық мекемелеріне қатысты қатаң саясат ұстанады
|

Катардың денсаулық сақтау министрлігі тексеру барысында болмашы олқылыққа жол бергені үшін жекеменшік медицина орталығын уақытша жауып тастады. Бұл жайында islam.kz порталы Healthcare Asia (healthcareasiamagazine.com сайты) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жазықты болып қалған жекеменшік медорталықтың айыбы – қызметкер жетіспеген. Бұдан бөлек, өз құзыретінен тыс, яғни, өзіне қатысы жоқ істермен айналысқаны үшін бірнеше дәрігердің лицензиясының күшін жойған. Медицина қызметкері жетіспесе де. Дәрігердің жетіспеушілігін желеу етуге жол берілмейді, яғни, заң талаптарына көз жұма қарауға себеп болмауы керек. Өйткені, аталған араб елі денсаулықпен, науқастардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғаумен тікелей байланысты кез келген іс-шараның орындалуына мейлінше қатаң қарайды. Науқастардың өмірі мен денсаулығын бірінші орынға қояды. Дәрігер өзінің тікелей міндеті (емдеу) кезінде қандай да бір ағаттыққа жол берілсе, кәсіби құжатын жарамсыз етіп тастайды.




