|
КЧР-да халықаралық айран мерекесі тойланды
|
Ресей Федерациясына қарасты Карачаево-Черкес республикасының Кішікарачаево ауданында 18-19 қазан күні III Халықаралық фольклорлы-этнографиялық фестиваль "Айран мерекесі" болып өтті. Бұл дәстүрді жаңғыртудың бір үлгісі болатын. Фестиваль қарсаңында ең үлкен көлемдегі бір ыдысқа жиналған айранның мөлшері 400 литрге жетті.
"Біздің мақсатымыз карачаево-балкар халқының салт-дәстүрін жаңғырту. Сонымен қатар, Карачаево-Черкес республикасының туризмін дамыту болатын" - деді осы фестивальді ұйымдастырушы Мусса Боташев.
Фестивальдің бірінші күнінде карачаево-балкар халқы өздерінің асханасын таныстырса, екінші күнінде карачайлық асыл тұқымды жылқылардың көрмесі өтті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2025 жылы 83 ауыл тарап кетті, ал 25 жылда 1,8 мың ауыл жойылған. Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие
■
Байкот жарияланған McDonald’s мұсылмандардың көңілін жаулап алу қамына кірісті
■
Әлеуметтік желідегі бүркеншек парақшалар бұғатталады
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Әлемге әйгілі компания бизнес құрылымын өзгертеді