Ластанған ауа да алжуға бастайды. Аутизм мен ластанған ауа арасында байланыс бары анықталды
Ластанған ауа да алжуға бастайды. Аутизм мен ластанған ауа арасында байланыс бары анықталды
3 ай бұрын 479 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Daniel Moqvist / Unsplash

Батыс Онтарио университетінің канадалық ғалымдары ластанған ауаның алжуға ұрындыратын қатері туралы, дәлірегі, деменцияның даму қаупіне әсерін айтты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Neurology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Ғалымдар бұл тарапта 17 зерттеуден тұратын мета-талдау жүргізді. Осы мақсатта  40 жастан асқан 91 миллионға жуық адамның деректеріне сараптама жасалды. Олардың ішінде 5,5 миллион адам немесе 6 пайызы деменция дертіне шалдыққан. Сонымен қатар, диаметрі 2,5 микроннан аспайтын ауадағы ластаушы заттардан тұратын ұсақ бөлшектер мұқият зерттелген. Бұл бағыттағы зерттеуге қатысушылардың жасы, жынысы, шылым шегуі және білімі сияқты факторлары да ескерілді. Содан кейін зерттеушілер деменциясы бар және жоқ адамдар үшін ауаның ластануының әсер ету деңгейін салыстырды және ауада қатты, ұсақ бөлшектері бар ластаушы заттардың орташа тәуліктік әсеріне аз ұшыраған адамдардың деменция дертіне шалдықпағанын анықтады. Ауаның бір текше метріне шаққанда ұсақ бөлшектер 1 микрограмм мөлшерінде артқан сайын адамның деменция дертіне шалдығу қатері 3 пайызға артатынын анықтады.

Аутизм мен ластанған ауа арасында байланыс бары анықталды 

Дьюк университетінің (АҚШ) ғалымдары қалалық ортада жиі кездесетін ауаның ластануы мидың дамуы мен әлеуметтік мінез-құлықтың ауытқуына әкеліп соқтыратынын анықтады, бұл жайт өз кезегінде аутизм сияқты неврологиялық дертке шалдықтыруы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Cell Reports мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында мамандар буаз аналық тышқандарды құрамында дизельдік қозғалтқыштардан шығатын газдардың бөлшектері кездесетін ластанған ауасы бар ортаға орналастырды. Балалайтын кезі жаындағанда буаз кеміргіштерді қосымша стресс факторына ұшыратты - ұя салуға қажетті материалдар жетіспеушілігіне байланысты стресс. Тәжірибе нәтижесі күйзеліске ұшыраса да аналық тышқандардың өз балаларына мұқият қарайтынын көрсетті. Дегенмен, еркек бала тышқандар өмір бойы әлеуметтік сигналдарды дұрыс қабылдай алмай кетті. Мысалы, олар басқа тышқандармен аралспай, іргесін аулақ салып, ойыншық үйрекпен уақыт өткізуді жөн көрген. Ересек жаста бұрын араласпайтын тышқандар, керісінше, қарым-қатынас дағдыларын арттырды. Зерттеушілер аталық ұрпақтың әлеуметтік қарым-қатынастар үшін мидың маңызды аймағының алдыңғы сингулярлық қыртысында шектен тыс ұялшақтыққа бастайтын синапстардың артық екенін анықтады, алайда, стресс факторларының мидың қалыпты дамуын қалай өзгертетіні әлі белгісіз. Ғалымдардың топшылауынша, бұл арада микроглия маңызды рөл ойнауы мүмкін, яғни, орталық жүйке жүйесінің иммундық жасушалары әлсіз немесе нашар жұмыс істейтін синапстарды жояды. Адамдардағы аутизм интроверсиямен байланысты бола бермейді, дәлірек айтқанда, әлеуметтік сигналдар мен талаптарды (шарттарды) түсінбеумен байланысты көрініс табады. Аутизмнің пайда болу және даму қатері ауасы ластанған кедей аймақтарды жоғары. Ғалымдар жүйке жүйесіне кері әсерін тигізетін стрестік факторлардың алдын алуға көмектесетін, дәлірегі, микроглияның белсенділігін реттейтін дәрі жасауды көздеп отыр.

Ұқсас материалдар:

"Ауаның ластануынан жыл сайын алты млн шарана шала туады" (https://islam.kz/kk/news/alem/auanyn-lastanuynan-jyl-saiyn-alty-mln-sharana-shala-tuady-15826/#gsc.tab=0);

«Лас ауадан өілім-жітім көбейіп барады» (https://islam.kz/kk/news/alem/las-auadan-oilim-jitim-kobeiip-barady-15724/#gsc.tab=0);

«Ауаның ластануынан өлгендер саны короновирустан көз жұмғандардан екі есе көп» (https://islam.kz/kk/news/alem/auanyn-lastanuynan-olgender-sany-koronovirustan-koz-jumgandardan-eki-ese-kop-15058/#gsc.tab=0);

«Өткен жылы ауаның ластануынан 500 мыңдай бала көктей солды» (https://islam.kz/kk/news/alem/otken-jyly-auanyn-lastanuynan-500-myndai-bala-koktei-soldy-14313/#gsc.tab=0);

«Таяу Шығыстағы бір ғана елде ауаның ластануынан жыл сайын 33 мың адам опат болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygystagy-bir-gana-elde-auanyn-lastanuynan-jyl-saiyn-33-myn-adam-opat-bolady-12796/#gsc.tab=0);

«Жылына 7 миллион адам ауаның ластануы салдарынан көз жұмады» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/jylyna-7-million-adam-auanyn-lastanuy-saldarynan-koz-jumady-10143/#gsc.tab=0);

«Жылына ауаның ластануынан қанша экономикалық шығын келеді немесе адам шығыны қанша» (https://islam.kz/kk/news/alem/jylyna-auanyn-lastanuynan-qansha-ekonomikalyq-shygyn-keledi-nemese-adam-shygyny-qansha-11160/#gsc.tab=0) 

«Бүгінде адамзатқа жұқпалы індеттен де қауіпті қатер аталды» (https://islam.kz/kk/news/alem/buginde-adamzatqa-juqpaly-indetten-de-qauipti-qater-ataldy-13928/#gsc.tab=0);

«Елімізде ластанған ауадан жылына қанша адам көз жұмады немесе Қазақстан көмірден қашан бас тартады?» (https://www.islam.kz/kk/news/qazaqstan/elimizde-lastangan-auadan-jylyna-qansha-adam-koz-jumady-nemese-qazaqstan-komirden-qashan-bas-tartady-15756/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат