Мекке мен Мәдинадағы мешіттерден кейінгі ірі ғибадат ғимараты ашылды (фото)
Мекке мен Мәдинадағы мешіттерден кейінгі ірі ғибадат ғимараты ашылды (фото)
2 ай бұрын 372 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Кеше, жексенбіде Алжир аумағында  үлкендігі жағынан әлем бойынша үшінші орында, ал  Африка құрлығында алғашқы орында тұрған ірі мешіт ашылды. Қасиетті Мекке мен Мәдинадан кейінгі орында тұрған (ірілігі жағынан) аталған ғибадат ғимараты - Жамма әл Жазайыр мешітінің салтанатты ашылу рәсіміне мемлекет басшысы Әбілмәжит Теббун бастаған әлемнің көрнекті діни қайраткерлері қатысты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Algeria Press Service ақпарат агенттігіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аса ірі ислам орталығына айналуы тиіс кешенде ислам өркениетінің мұражайы, кем дегенде 1 млн кітап пен қожазба қоры болатын кітапхана, 1,5 мың шәкіртке шақталған «Құран үйі» ислам ғылымының ұлттық жоғары мектебі, т.б. орналасқан. Бұл мешіт тек құлшылық ету орны емес, сонымен қатар, лаңкестікке қарсы ағартушылық бағытта жұмыс істейді әрі туристер тамашалайтын көрікті орынға айналмақ. Жалпы аумағы 27 гектардан аса жерді алып жатқан Алжирдің Үлкен мешіті 4 мың автокөлік тұрағымен де ерекшеленеді. 2011 жылы іргетасы қаланған мешіт интерьері сегіз қырлы бағандармен, мәрмәрмен және 6 шақырымға жуық каллиграфиялық жазулармен безендірілген. Мұнарасының биіктігі – 265 метр.

В Алжире состоялось торжественное открытие мечети с самым высоким минаретом  в миреДжамаа эль-Джазаир — ВикипедияDjamaâ El-Djazaïr sélectionné une des meilleures conceptions  architecturales au monde en 2021 - Le Chiffre d'AffairesМечеть Джамаа-эль-Джазаир в Алжире | CarminatiНапоминающая о приближении судного дня мечеть открылась в Алжире - IslamNews 

0 пікір
Мұрағат