Мьянма мұсылмандары шариғат шәлісінен уақытша бас тарта ма?
Мьянма мұсылмандары шариғат шәлісінен уақытша бас тарта ма?
10 жыл бұрын 3773

Мьянманың ескі астанасында жүздеген будда радикалдары қолдарына сойыл мен семсер алып, ұрынарға қара таппай жүргендіктен қытай мұсылмандары көшеге аттап басудан қалды. Рохиньялық мұсылмандарға көрсеткен зорлық-зомбылықты қытай мұсылмандары (хуи ұлысы) өздеріне де көрсете ме деп қауіптеніп отыр. Халал мейрамхананың қожайыны, қытай мұсылманы  Цзян Хао Янь қабырғаға ілінген, киелі Мекке бейнеленген картинканы алып тастауға мәжбүр болған. Радикалдардың көзіне түссе, мейрамхананы өртеп жібере ме деген қауіппен. Буддашылар ашық тиіспесе де қытай мұсылмандарын да жақтыра бермейді. Қасиетті Рамазан айында Мандал елді-мекеніндегі қытай мұсылмандарының қамқорлық кеңесі ауызашар ұйымдастыруға батпай отыр. Тіпті, азан даусын бәсеңдетуге мәжбүр болғанын айта кету керек. Өйткені, ислам дініне қатысты кез келген әрекет радикалдардың ашу-ызасын тудыруы мүмкін. Оның арты қантөгіске ұласып кетуі де мүмкін екендігін ескергендіктен мұсылман ерлерге қырынып жүруге, ал әйелдерге уақытша шариғат шәлісін жамылмауға кеңес берді жергілікті мұсылман жамағатының жетекшісі Монг Лай.

0 пікір
Мұрағат