|
Оңшыл радикал кешірім сұрады
|
Осыдан жарты жыл бұрын анық арандату мақсатымен мешітке келіп, мұсылмандарға қарсы «крест жорығының» басталғанын ашық мәлімдеген Британияның бұрынғы оңшыл радикалы, 25 жастағы Мэтью Лестер (бұл турасында кезінде хабарлағанбыз – ред.) исламофобиялық әрекеті үшін мұсылман жамағатынан кешірім сұрады. Кешірім сұрап қана қоймай, өзінің жақтастарын айыптай сөйледі. «Мен мұның бәрі халық үшін істелініп жатқан шығар десем, пиар екен ғой. Түптеп келгенде бұл елдің назарын өздеріне аудару үшін жасалынған, нақты мақсатқа құрылмаған,- деді ол Huffington Post ақпарат көзіне берген сұхбатында. – Олар экстермистердің емес, мұсылмандардың қыр соңына түскен»,- деді артынша Britain First ұйымының бұрынғы мүшесі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді