|
Осы заманғы қарапайым мешіттің үлгісі қандай болу керек? (фото)
|
Дубай қаласының маңында тұрғызылған әл-Уәрка мешіті симметриялық өзгеше интерьерімен талғамы жоғары туристер жиі тамашалайтын ғибадат ғимаратына айналған. Аталған мешіт Саудия аумағындағы құм мен мәрмәрдан соғылған - сағым жортқан шөл даланың сәнін кіргізген сарайы дерсің. Сәулетшілер сыртқы көрінісі қарапайым осынау мешіттің ішін басы артық заттармен (бұл өз кезегінде құлшылық кезінде адамның ойын бөлмейтін бөгде заттарға) толтырмай-ақ, классикаға жатпайтын, бірақ, барынша қарапайымдылықты, ең бастысы, қолайлы болуын көздеп, стилді қатаң сақтаған. Ең басты ерекшелігі мұнда бас сұққан адам кеңістіктің не екенін сезінеді және жарық мейлінше мол. Бұл жайында Whatson.ae. ақпарат көзі мәлім етті.







Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Ауа температурасы Целсия бойынша 38 градустан асқанда жұмысты бірден тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін
■
18 жастағы бойжеткен ауызсуды микропластиктен 95%-дан аса тазартатын әдісті ойлап тапты (видео)
■
Жарақатты теріде тыртық қалдырмай емдеу жолы табылды
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)