|
Өзбекстан халқының саны 37,5 миллионнан асты
|
KAZINFORM – Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 37 506 692 адамды құрады. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Статистика агенттігі хабарлады.
Оның 18 843 362-і ерлер, 18 580 815-і әйелдер екені хабарланды.
Мамандардың айтуынша, 2030 жылға қарай Өзбекстан халқының саны 40 миллион адамға жетеді деп күтілуде. Бұл Орталық Азия халқының жартысы. Соңғы 30 жылда Өзбекстан халқының саны 15 миллион адамға өсті, бұл тұрақты демографиялық динамиканың көрсеткіші.
Өзбекстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 74,3 жасты құрайды.
22 сәуірдегі мәліметке сәйкес, Өзбекстан халқының саны 37 000 991 адамға жеткенін жазғанын едік.
БҰҰ 2100 жылға қарай Өзбекстан халқының саны 74 миллионнан асады деп болжады.
Жарасқан Нұрыбаев
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды