|
Пайғамбарлар музейі ашылады
|
Түркияда пайғамбарлар музейі ашылады. Өзгеше музей орналасатын ғимараттың құрылысы аталған елдің оңтүстік-шығысында орын тепкен Шанлыорпа қаласында басталып та кетті. Бұл мекен әу бастан «Пайғамбарлар қаласы» аталып кеткен. Өйткені, бұл өлкеде қасиетті Құранда аты аталған ұлы пайғамбарлардың бірі – Ибаргим мен еврейлердің және христиандардың ерекше құрмет тұтатын алты пайғамбардың кіндігі кесілген. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұл қалаға жыл сайын жүз мыңдаған турист ат ізін салып кетеді. Олардың кейбіреуі Жаратқанға сиынып жатады. Тағы бір айта кетпеске болмайтын жайт: діни мақсатта адамдар сапар шегетін орындардың ішінде қасиетті Мекке, Мәдина және Құдыс шаһарларынан кейін төртінші орында тұр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды