|
Қалбатауда тапа-тал түсте түнек орнады (видео)
|
Кеше, яғни, шілде айының 17-і күні Шығыс Қазақстан облысына қарасты Жарма ауданында алапат дауыл тұрды. Тапа-тал түсте төңіректі қараңғылық басты. Дәлірегі, қою шаңнан тас түнек орнады. Табиғаттың бұл тосын мінезі таспаға тартылып қалған екен. Нақтырақ айтқанда, секундына 30 метрге жететін күшті дауылдан үйдің шатырлары ұшып, өсіп тұрған ағаштарды құлатты.
Мұрағат