Иран мемлекеті қазақстандық астықтың дәстүрлі импорттаушысы болып табылады. Сауда-экономикалық және достастық қарым-қатынасты ескере отырып, астық жөнелту бағытындағы Иран Қазақстан үшін үлкен маңызы бар. Екі ел арасында астық саудасы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды "Baq.kz" ақпарат көзі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
|
Қазақстан Иран еліне 4 млн тоннадан астам астық экспортқа шығарды
|
2011 жылдан 2015 жыл аралығында Иран мемлекеті Қазақстаннан 4 млн тоннадан (2011 жылы – 401,3 мың тонна, 2012 жылы – 950,2 мың тонна, 2013 жылы – 757,6 мың тонна, 2014 жылы – 1 166,1 мың тонна, 2015 жылы – 758,3 мың тонна) астам астық сатып алды.
2016 жылдың қаңтар-маусым аралығында Иранға 529,7 мың тонна дәнді дақылдар сатылды, оның ішінде астықтың мөлшері 222,1 мың тонна.
Бұдан басқа іс-шараларға тоқтай кетсек үстіміздегі жылдың 11-12 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Иранға ресми сапары барысында Иран Ислам Республикасы және Қазақстан Республикасы Үкіметтерінің арасында Өсімдіктерді қорғау және карантині саласындағы Келісімнің жобасына қол қойылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды