Қазіргі дағдарыстың бұрынғы дағдарыстардан айырмашылығы немесе қаупі неде
Қазіргі дағдарыстың бұрынғы дағдарыстардан айырмашылығы немесе қаупі неде
2 сағат бұрын 60 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ирандағы соғыстан туындаған мұнай тапшылығы жаһандық экономиканың жасырын осал тұсын айқара ашып берді. Бұл жайында islam.kz порталы интернеттегі сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы шолуларға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде әлем елдері бұрынғыдан өзге, тығырыққа бастайтын дағдарыспен бетпе-бет келіп отыр. Бұл дағдарыстың ерекшелігі - дағдарысқа қарсы бұрын қолданылып келген шаралардың көмектеспейтіндігі. Дәлірегі, бұл дағдарысқа қарсы мемлекеттердің маневр жасау кеңістігі тарылған. Біріншіден, әлем елдерінің мемлекеттік қарызы тым көбейіп кеткен, екіншіден, бюджет тапшылығы созылмалы сипат алған. Міне, осындай факторлар дағдарыспен және оның салдарымен күресті тиімсіз етпек. Егер 1970 жылдардағы алғашқы мұнай дағдарысы бюджет тапшылығы қалыпты жағдайға айналған кезеңге тұспа-тұс келсе, бүгінде жағдай сапалық тұрғыдан басқаша. Ол кезде Америка құрама штаттары мен басқа да негізгі мемлекеттердің бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің шамамен 2% -ы деңгейінде сақталған болатын. Қазір бұл көрсеткіш орта есеппен екі еседен астам өсті, ал «Үлкен жетілік» елдерінің мемлекеттік борышы ЖІӨ-нің 20% -дан 100% -ға дейін өскен. Ұлыбритания, Франция, Бразилия және Үндістан дағдарыспен күресудің қайта қолданылып жатқан әдеттегі шаралары - бағаны бақылау, нормалау схемалары мен отын субсидиялары - қазіргі жағдайда тиімсіз. Өйткені, жаһандық қарыз мөлшері рекордтық деңгейге жеткен - 348 трлн доллар. Бұл көрсеткіш  жаһандық жалпы ішкі өнімнен үш есе жоғары.

0 пікір
Мұрағат