Қырағатшылар мұражайы ашылды (фото)
Қырағатшылар мұражайы ашылды (фото)
2 сағат бұрын 38 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Құран оқушылар мұражайы қырағат өнерінің (Құранды мәнерлеп оқу) тарихымен таныстырады. Мысырда өткен жылдың желтоқсан айының 16-ы күні ашылған ерекше мұражайда аудиожазбалар мен жәдігерлер жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы Іslamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пирамидалар елінің жаңа астанасында орын тепкен ислам мәдени орталығында мұражайдың ашылу салтанатына осы елдің мәдениет және діни қорлар істері жөніндегі министрі қатысты. Экспонаттар төрт басты залда орналасқан. Жәдігерлер қатарында әлемге әйгілі әл-Азхар университетінің бірқатар Құран оқырмандарына берілген сертификаттары сияқты қолжазбалар мен сирек кездесетін артефактілер коллекциясы, сондай-ақ, түрлі Құран даналары, соның ішінде Осман Құранының көшірмесі бар. Мұражайдағы экспонаттар әр алуан бас киімдерді, тақтайшаларды, халаттар, кафтандар, галабиялар сияқты киімдерді, сондай-ақ, ХХ ғасырдың аудиожазба құрылғыларын, естелік наградаларды, құрмет белгілерін, т.б. қамтиды. Бұдан бөлек, кқрме залдарында оқырмандардың отбасыларымен бірге жеке фотосуреттері, алғыс хаттар мен олардың өміріндегі маңызды кезеңдерді қамтитын газеттердің үзінділері қойылған. Экспозицияда көрнекі материалдар аудиожазбалармен үйлестірілген, соның арқасында экспонаттар олардың иелерімен байланысы жоқ жекелеген заттар ретінде емес, олардың өмірлік жолы мен кәсібінің бір бөлігі ретінде ұсынылған. Осылайша, мұражай жай ғана мұрағат емес, декламация тарихының тірі құжатына айналады. Ахмет Ыбырайым аш-Шәріп есімді мысырлық қаламгер әрі сыншы мысырлық қырағат мектебінің тек Құран оқудан тұрмайтынын алға тартты, бұл мектеп ұрпақтар бойы қалыптасып, бүкіл ислам әлеміне әсер еткен тамыры терең дәстүр екенін мәлімдеді.

 

 

0 пікір
Мұрағат