|
Радикалдар араб мектебін өртеді
|
Үстіміздегі жылдың қазан айының 29-ы күні Құдыс қаласында орналасқан Пат ауданындағы Арье Баама көшесінде орын тепкен жалғыз араб-еврей мектебін белгісіз қаскүнемдер өртеп кетті. Бұл жайында Newsru.co.il порталы ақпарат таратты. Осы оқыс оқиғаға байланысты Израиль полициясы қылмыстық іс қозғады. Қылмыскерлер аталмыш білім мекемесінің қабырғасына «Арабтарға өлім келсін», «Обыр ісігімен бірге өмір сүре алмаймыз», «Ассимиляцияға тойып біттік» деген нәсілдік кемсітушілікке толы жазу жазып кеткен. Өрттің кесірінен бірінші сынып оқушыларына сабақ өтетін аудитория түгел жанып кетті. Өзге сынып аудиториялары да айтарлықтай зақымданған. Израилдің оқу-ағарту министрі Шай Пирон бұл оқиғаны барып тұрған надандық деп бағалады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді