Редакция осы арқылы белгілі бір халықтың абыройына нұсқан келтіруден, мәселені саясиландырудан алшақ болғанды дұрыс санайды. Сонымен қатар, мұндай пікірлер нәсілшілдік сипатта өріс алатынын алға тартты.
«Мұндағы пікірлер материал авторына да, тіптен оның отбасына тіл тигізіп, қауіп төндіреді. Бұл сындарлы пікірталас емес, бұл оқырмандар мен журналистердің өкпе-реніші мен ашу-ызасын тудырады» деді The Guardian редакциясы.