|
Томагавк зымыраны нысананы қалай жояды (видео)
|
«Томагавк» қанатты зымыраны кейінгі кезде америкалықтардың әскери операцияларында (мысалы, жуырда ғана Сирияға шабуылында) қолданылатын қарулардың санатында. Көзделгенін мүлт жібермейтіндігімен ерекшеленеді. USS Kidd миноносцтан аталған зымыранмен нысананы ату таспаға тартылып қалыпты. Сан-Николас аралының жағалауында өткен әскери жаттығу кезінде. Тасымалдаушы контейнерге қанатты зымыранның дәл тигені еріксіз таңдай қақтырады: барлық ракурсынан қарағанда.