Түнгі жарық пен көру қабілетінің төмендеуі арасында байланыс бары анықталды
Түнгі жарық пен көру қабілетінің төмендеуі арасында байланыс бары анықталды
3 ай бұрын 577 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Konstantin Kokoshkin / Globallookpress.com

Оңтүстік Кореядағы Шежу ұлттық университетінің медицина колледжінің ғалымдары түнгі жарықтың егде жастағы адамдардың көру қабілетінің жоғалуының негізгі себебіне жататын жастың ұлғаюына байланысты макулярлы дегенерацияны жеделдетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы JAMA Network Open мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар жасы 50-ден асқан 126 мыңнан астам корейлердің денсаулықтарына қатысты деректеріне талдау жасады. 4100-ге жуық адамға макулярлы дегенерация диагнозы қойылды. Мұндай диагнооз қойылғандардың тұрғылықты мекені түнде жарық деңгейін көрсететін спутниктік суреттермен салыстырылды. Жасанды жарық деңгейі жоғары қалалық жерлерде тұратын егде жастағы адамдарда жасанды жарық деңгейі төмен аудандарда тұратын адамдарға қарағанда макулярлы дегенерацияның даму ықтималдығы 2,17 есе жоғары болатыны анықталды. Түнгі уақытта жасанды жарық деңгейі төмен аймақтарда қауіп 12 пайызға артқан.

0 пікір
Мұрағат