Түрік мешіттерінде «5 уақыт спорт жаттығулары» атты жобасы қолданысқа енгізілді.
Түрік мешіттерінде «5 уақыт спорт жаттығулары» атты жобасы қолданысқа енгізілді.
3 ай бұрын 1732

Стамбул қаласының «Бағжылар» ауданының әкімшілігі мешіттерде «5 уақыт спорт жаттығуы» атты жобасын қолданысқа енгізген. Бұл жоба бойынша намазға келушілер намаз оқып болғаннан кейін, арнайы спорт жаттықтырушы маманның үйретуімен денеге пайдалы спорт жаттығуларын орындайды. Мұндай жоба аудандағы 11 мешітте жүзеге асырылуда. 

«Жаттығулар физикалық белсенділікке жарамдылық аясында жүзеге асырылады. Мұнда шаршатпайтын жеңіл-желпі негізгі спорттық қозғалыстарды орындаймыз» -

- дейді «Абдулхамид Хан» мешітінде жаттықтыру жүргізіп жатқан Фатих Яманоглу есімді маман. Әсіресе, мешітке келуші қарт кісілер үшін мұндай жаттығулар пайдалы болары сөзсіз. Мешітке келуші жамағат мұндай жобаның қолданысқа енгізілгеніне дән риза. "Пайдасы өте көп" деген қариялар ризашылықтарын білдіріп жатыр. Айта кету керек, бұл жобаның жүзеге асып жатқанына үш апта болған екен. - islam.kz

 

0 пікір
Мұрағат