|
ЮНЕСКО-ның тізіміне Қазақстанның рухани мұралары енгізілді
|
ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне Қазақстанның 10 тарихи ескерткіші және Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізіміне 3 рухани мұрасы енгізілген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Яғни, 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, 2004 жылы Алматы облысындағы Таңбалы петроглифтері енгізілді. 2014 жылы аталған тізім 8 ескерткішпен толықтырылды. Олар – Ұлы Жібек жолының бойындағы Ақыртас, Құлан, Өрнек, Қостөбе, Ақтөбе, Талғар, Қойлық, Қарамерген археологиялық ескерткіштері.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді