2,6% қазақстандықтың табысы күнкөрістің ең төменгі көрсеткішінен төмен болып шықты
2,6% қазақстандықтың табысы күнкөрістің ең төменгі көрсеткішінен төмен болып шықты
8 жыл бұрын 3463 7kun.kz Сурет: socialismkz.info

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу деректері бойынша Қазақстан Республикасындағы табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2016 жылдың 2 тоқсанында 2,6% құрады. Ауылдық жерлердегі кедейлік деңгейі қалалық жердегі осы көрсеткіштің мәнінен  3,4 п.т артып, 4,5% құрады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

Табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі

пайызбен

1

            2016 жылдың 2 тоқсанында табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың басым үлесі Оңтүстік Қазақстан (5,2%) облысына келеді, ең аз үлесі Астана (0,7%) мен Алматы (0,7%) қалаларында байқалады.  

Өңірлер бойынша табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің

шамасынан төмен халықтың үлесі

пайызбен

%d0%ba2-16-09-2016Табыстар мен шығыстарды квантильдік топтар (децильдік және/немесе квинтильдік) бойынша талдау олардың халық арасында таралуының әркелкілігін көрсетеді. 2016 жылдың екінші тоқсанында 2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда децильдік топтар  арасындағы табыстардың үлесі өзгеріссіз қалды.  

Децильдік топтарда табыстарды бөлу 

пайызбен

3

Халықтың тұтыну шығыстарының деңгейі үй шаруашылықтарының материалдық қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Халықтың шығыстары мен тұтынуы децильдік бөлу кезінде табыстар сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, мысалы, 2016 жылдың 1 тоқсанында 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстары арасындағы айырмашылық 4 есені, азық-түлік емес тауарларға – 6,9 есені, ал ақылы қызметтерге — 8,6 есені құрады.

Халықтың шеткі децильдік топтары бойынша үй шаруашылықтарының

тұтыну шығыстары

үй шаруашылығының 100 мүшесіне, теңге

4 

0 пікір
Мұрағат