|
Алматыда жолаушы жүріп бара жатқан автобустан құлап түсті (видео)
|
Оқиғаның видеосын Kolesa.kz порталы жариялады. Басылымның мәліметінше, оқиға 30 қараша күні Сүйінбай мен Фурманов көшелерінің қиылысында болған. Видеоны көлік жүргізушілерінің бірі түсірген. Кадрдан автобустың ортадағы жолақпен жүріп келе жатқанын және кенеттен жолаушылардың бірінің салоннан құлап түскенін көруге болады. Ролик авторы жолға құлап түскен ер адамды басып өтпеу үшін оңға қарай бұрылды. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен ер адамды жедел жәрдем алып кетті. Оның жағдайы туралы мәлімет жоқ. Сонымен қатар, жолаушының автобустан қалай құлап түскені де әзірше белгісіз. Айта кетейік, Hyundai маркалы автобусы №86 бағыт бойынша жүреді, мемлекеттік номері - A 219 EL.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр