Алматылық оқушы суды ауа қабатынан жинап беретін құрылғы ойлап тапты
Алматылық оқушы суды ауа қабатынан жинап беретін құрылғы ойлап тапты
19 сағат бұрын 198 24.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі Алматыдағы №79 гимназияның оқушысы Дана Қадырбекпен меморандумға қол қойды, деп хабарлады  24.kz

Ол заманауи наноматериалдарды қолдана отырып, атмосферадан су жинайтын құрылғы ойлап тапқан. Бұл қондырғы электр желісіне қосылмай-ақ ауадағы ылғалды тиімді сіңіріп, конденсациялауға мүмкіндік береді.

Министр Нұржан Нұржігітов жас өнертапқышпен кездесіп, құрылғының жұмысын бірлесіп талдау, жобаны пилоттық режимде іске асыру және ақпарат пен деректер алмасу бойынша келісімге келді.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі: - Су қауіпсіздігі суды тиімді пайдалану – біздің жаңа кодексте жазылған стратегиялық бағыт. Сіз жүзеге асырып жатқан жоба суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан министрлік ауыл шаруашылығында, өндірісте, күнделікті өмірде қолдануға болатын осындай бастамаларды қолдауға әзір. 

Дана Қадырбек, жоба авторы: - Бүгінгі кездесу өте жақсы әсер қалдырды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің жас ғалымдарға белсенді қолдау көрсетіп жатқаны ерекше қуантады. Мұндай қолдау менің ғылыми жұмысымды әрі қарай жалғастыруыма үлкен мотивация береді. Министрдің бүгін берген тапсырмасының арқасында біз құрылғыны далалық жағдайда сынап көруге және жобаны пилоттық режимде іске асыруға мүмкіндік аламыз.

0 пікір
Мұрағат