|
Ақша айырбастау орындарында алтын құймалар сатылатын болады
|
Салмағы 10, 20, 50 және 100 грамм құймалардың грамм үшін бағасы - 15 000 теңге.
Ақша айырбастау орындары алтын құймаларды сатуға дайындалып жатыр. Оларды жыл соңына қарай сатып алуға немесе сатуға болады, деп хабарлайды astanatv.kz.
Ақша айырбастау ассоциациясы өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта құймалар тек екінші деңгейлі банктерде шығарылып жатыр. Бірақ, айтуларынша ақша айырбастау орындарында алтын бағасы одан арзанырақ болады. Сондай-ақ, ақша айырбастау орындарының өкілдерінен және сатып алушылардан операциялар үшін ешқандай салық пен комиссия ұсталмайтыны айтылады.
Айта кетейік, қазір салмағы 10, 20, 50 және 100 грамм құймалардың грамм үшін бағасы — 15 000 теңге.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды