Астананың жасыл белдеуіне марал, елік пен қырғауыл жіберілді
Астананың жасыл белдеуіне марал, елік пен қырғауыл жіберілді
10 жыл бұрын 4032

Сарыарқаның ұлған-ғайыр даласы бүгінде жасыл желекке айналды. Астана маңындағы «Жасыл аймаққа» бірнеше жылдан бері ағаштың түр-түрі өсіріліп, аң-құс жіберілуде. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталған Қызылжар орман шаруашылығын аралап, елорда жасыл белдеуінің даму барысымен танысты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

"Орманы, ағашы бар өңір - бай өңір. Мынау орманның ішіне алғаш отырғызған ағаштардың биіктігі 15-20 м көтерілді. Ішінде жойылып кеткен аң қайта пайда болды. Елік, қоян, түлкі, марал, барлығы бар. Одан бөлек құс жіберіп жатырмыз. Неше түрлі жидектер өсіп жатыр. Біріншіден халықтың демалатын жері, екінші жағынан жаздыгүні саябақ, қыстыгүні желден қорғайды. Осылайша қаланың климатын өзгертетін үлкен жағдай болды".

Сонымен қатар бүгін орманға 16 марал, 2 елік пен 150 қырғауыл жіберілді. Мамандар орман аумағын кеңейтіп 2020 жылға дейін оны 100 мың га дейін жеткізуді көздейді.

Бағдат Азбаев, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы:

"Қазіргі уақытта бұл жерге отырғызылған ағаштар орман болды. Енді мұны қала тұрғындары мен қонақтарына көрсетіп, демалдыру ойда бар. Велосипед жолдары бар. Квадрациклмен, атпен серуендеуге болады".

Биыл орманда сафари парк жасалған. Мұнда табиғатты жаны сүйетін кез келген адамның демалуына болады.

0 пікір
Мұрағат