|
Екібастұз тұрғыны қолдан ұшақ құрастырып алды (видео)
|
Екібастұз тұрғыны өзі қолдан құрастырған ұшақпен ұшып жүр. Бұл туралы Tengrinews TV жазады.
Валерий Жабин ұшағын екі жылда құрастырыпты. Ол - "Қайнар" кешенінде әуе модель үйірмесінің жетекшісі. Енді оқушылары қала үстінде ұша алады. Алайда, ұшақ әуеде тек 10 минут уақыт қалықтайды екен. Алатын биіктігі 500 метр. Бұл әуе конструкторының алтыншы моделі. Ұшатын аппараттың қозғалтқышында 80 аттың күші бар. Шебердің айтуынша, жаңа ұшақ ультражеңілдігімен ерекше.
Валерий Жабиннің айтуынша, аппаратты ол демеушінің көмегінсіз құрастырыпты. Конструктор өз ұшақтарын сынақ ретіндегі ұшуы алдында тексерсе, оқушылары ұшу-қону жолағын тазалайды екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр