|
Елбасы «Мерейлі отбасы» байқауы жеңімпаздарын марапаттайды
|
Бүгін елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
Бұл байқау ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде осыдан біршама уақыт бұрын басталған болатын. Ал елордаға өңірлік конкурстардың жеңімпаздары жиналып отыр.
Бұл конкурста еліміздің барлық өңірлерінен 1 298 жанұя бақ сынады. Марапаттау рәсіміне аймақтық турлардан жеңіп шыққан 16 отбасы қатысады. Жеңімпаздар отбасыларды Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының өзі марапаттайтын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады