|
Елде өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті
|
Ел тарихында тұңғыш рет өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті. Бұл туралы 24.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жассай отырып хабарлады.
30 жылда азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылға өсті. 1991 жылы бұл көрсеткіш 67,6 жас мөлшерінде болған еді.
Былтыр Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25 пайызға төмендеткен елдердің алғашқы ондығына енді.
Денсаулық сақтауды дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін арттыруға ниетті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті