|
Елімізде имамдарға әлеуметтік желілерге шығуға тыйым салына ма?
|
Сенат кулуарында журналистер Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовқа "еліміздегі имамдардың әлеуметтік желіге шығуына тыйым салына ма?" деп сауал қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жақында Өзбекстанда имамдарға әлеуметтік желілерге шығуға тыйым салынған еді.
Әрине, біз көршілеріміздің бұл тәжірибесін білеміз. Дегенмен, әлеуметтік желілерді үмбетпен, азаматтармен тілдесу құралы деп есептеймін. Сондықтан біз әлі де басқа нұсқаларды қарастырудамыз. Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша тыйым салу мәселесі қаралып жатқан жоқ, - деді Қанат Ысқақов.
"Басқа қандай нұсқалар бар?" деген сауалға келесідей жауап берді.
Бұл сөйлесудің басқа тәсілдері. Офлайн, онлайн, стрим сөйлесу бар. Бұл қауыммен, діндарлармен сөйлесудің бір құралы іспетті. Күн тәртібінде (имамдарға) желіні шектеу мәселесі тұрған жоқ, - деді Қанат Ысқақов.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр