|
Елімізде жылына 1 мың тоннаға дейін банан өсіріледі әрі экспортталады
|
Қазақстан аумағында түріктердің GenGroup Qazaqstan компаниясы таяу жылдары банан өсіру жоспарын мен жобасын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еліміз бойынша алғаш рет банан алқабы Түркістан облысында пайда болмақ. Түріктер бананның жергілікті климатқа бейімделген ерекше сортын таңдаған. Аталған жемістің өсуі үшін климаттық бақылау технологиясыжәне бейімделген қоректендіру жүйесімен жабдықталған жылыжайлар пайдаланылады. Жылдық өнімді мың тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Алғашқы партиясы шамамен алты айдан кейін жиналады. Болашақта Қазақстан ішкі нарықтың бананға деген сұранысын өтеп қана қоймай, отандық өнімді басқа елдерге де экспорттай алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді