Елімізде жыл сайын 7,8 млн мал терісі жиналады. Алайда оның 2 пайызы ғана өңделеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
|
Елімізде мал терісінің тек 2% ғана өңделеді
|
Бүгінгі отырыста Ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында алдағы уақытта қандай жұмыстар атқарылу қажеттігі қаралды. Осы орайда Қайрат Айтуғанов ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерді айта келе, тері өңдеу саласына тоқталды.
«Қой шаруашылығына тоқталайын. Жүргізілген анализ жыл сайын елімізде 7,8 млн мал терісі жиналатынын, оның 2 пайызы ғана өңделетінін көрсетті. Ал 5 өңдеу кәсіпорны тек 5,5 пайызға ғана жүктеме алған. Тері өңдейтін зауыт 12,7 пайыз көлемінде жұмыс істеп тұр. Оның өзінде онда терінің 10 пайызы ғана өңделеді. Осыған байланысты жаңа 30 теріні дайындау орны және мал соятын жерлердің жанында тері қабылдайтын 135 орын ашу қарастырылып отыр», - деді бірінші вице-министр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Даулы сот ісі: суррогат ана болу Конституцияға қайшы (видео)
■
Израил бірегей қаруға ие болды (видео)