Еліміздегі ислами қаржының жай-күйі
Еліміздегі ислами қаржының жай-күйі
28 күн бұрын 376 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қазақстанда ислами қаржы өнімдері мен құралдарына сұраныс артып келеді – салымнан бастап инвестициялауға дейін. Тек қарапайым тұрғындар ғана емес, сонымен қатар, қаржы ұйымдары тарапынан да сұраныс артып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы «Kazpravda» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ислам даму банкі жүргізген бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қазіргі уақытта еліміздің аумағында бес уақыт намазын қаза қылмайтын, яғни, ислам дінінің шарттары мен парыздарын мүлткісіз орындауға тырысатын 18-65 жас аралығындағы 2,2 млн-дай мұсылман өмір сүріп жатыр. Басқаларды есептемегенде, осы аудиторияның арасындағы ислами қаржы құралдары, дәлірегі, ислами депозитке мен өнімдеріне деген сұраныс 2,8 трлн теңгені құраған. Бүгінде діндар мұсылмандардың әдеттегі банк мекемелеріндегі салымының өзі 900 млрд теңге, ал олардың исламға сай емес қаржы жүйесінен тыс жинақтаған қаражаты 1,9 млрд теңгеге жуықтаған. Сарапшылар осынау орасан зор қаражат ислам банкингін өркендетіп қоймай, сонымен қатар, тұтас ел экономикасын алға сүйрей алатынын алға тартып отыр. Мәдина Тұқылова есімді ислам қаржысы жөніндені сарапшының айтуынша, қазақстандықтардың дені ислами ипотекаға қызығып отыр, ислами ипотекаға деген сұраныс 3 трлн теңгеге дейін барады. Бұдан бөлек, шариғат талаптарына сай автокөлік несиесі мен бөлшек сауда иневстициялық өнімдерге сұраныс жоғары. Сұраныстың артуы өз кезегінде ислами қаржыға деген инвестицияны аарттыруда. Елімізде ислами құнды қағаздар сукук шығарыла бастаған – шағын және орта бизнесті субсидиялау бағдарламасына қамтылған. Қазіргі уақытта сукук негізінен ірі инвесторларға бағдарланған – ең аз деңгейінің өзі 100 мың долларға жетеді. Алдағы уақытта қарапайым ел тұрғындарына шақталған сукук шығару ісі талқыланып жатыр.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3