Еңбек кодексіне демалыс кезіндегі жұмыстан бас тарту құқығы енгізіледі
|

Жұмыс беруші қызметкерді мейрам күндері жұмысқа шығару үшін келісімін алуы керек. Жұмысшылар Еңбек кодексіне енгізілген осы өзгерісті алға тартып, кестеден тыс жұмыстан бас тарта алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жайында норма Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрі Тамара Дүйсенова Сенат кулуарында айтты.
«Жұмыс беруші азаматтарды мейрам күндері немесе жұмыс уақыты біткеннен кейін жұмысқа тартатын болса, жұмыскерге хабарлама беру керек. Жұмыскер ол хабарламаға келісетінін көрсетіп және жедел жәрдем мәселелеріне қатысы жоқ», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, Еңбек кодексіндегі жаңа нормадағы осы құқығын пайдаланған адамдарды ешкім жұмыстан шығара алмайды.
«Бұл жерде еңбек шартында не жазылғанына байланысты. Еңбек шартында қосымша жұмыс уақыттары туралы айтылған болса, қалып істейсіз. Ал еңбек шартында нақты уақыт берілген болса, сол уақытта ғана жұмыс істей аласыз», - деді ведомство басшысы.
Көп оқылғандар

■
Жасыл желектің жанында тұратын балалар өкпесінің өзгелерге қарағанда әлдеқайда сау келетіні анықталды

■
Қытайдың төлем жүйесі Африка мен Азия құрлығына кеңінен таралып келеді

■
Өткен жылы күллі әлем бойынша еңбек мигранттарының отбасына, отанына қанша қаражат аударғаны белгілі болды

■
Анайы видеоларды көрудің тағы бір залалы анықталды

■
2050 жылға таман адам ғұмырының қаншаға созылатыны белгілі болды