|
Енді банк картасын біреуге заңсыз бергендер 7 жылға сотталуы мүмкін
|
Дропперлік үшін жауапкершілікті күшейтетін заң бүгіннен бастап күшіне енді, деп хабарлады 24.kz
Интернет алаяқтықпен күресті күшейту мақсатында осында шара қабылданды. Себебі, қасқөйлер заңсыз иемденген қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру немесе шекара асыру үшін қазақстандықтардың есепшоттарын пайданады. Сондықтан істің ауыртпалығы мен келген зиянның мөлшеріне қарай жаза да ауырлай береді. Мәселен, шотыңызды басқа біреуге заңсыз пайдалануға бергендер 3 жылға, үшінші тұлғаларға заңсыз ақша аударғандар немесе төлем жасағандар 5 жылға, ал басқалардың шотын қылмыстық мақсатта пайдаланғандар 7 жылға сотталады.
Бейбіт Біржанов, ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары: - Егер де ақша қылмыстық әрекет нәтижесінде пайда болған жағдайларда өзіне тиесілі банк реквиттерін және есепшоттарын берген тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Сонымен қоса, азаматтарымыз өздері аударым жасаған болса және сол аударым жасағаны үшін пайдакүнемдік мақсатта ақша иеленген жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.