|
Енді елімізде зейнет жасына жақындағандарды жұмысқа қабылдағандарға субсидия төленбек
|
Енді Қазақстанда зейнет жасына жақындағандарды жұмысқа қабылдаған мекемелерге субсидия төленеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Qazaqstan" арнасына сілтеме жасап.
Бұл бағытта "Күміс жас" республикалық жобасы іске қосылмақ. Бағдарламаны Қарағанды облысы бастайды. Биылға жоспар – 534 адам.
Аға буын өкілдеріне жұмысқа қайта орналасу өте қиын. Жаңа жоба осындай санаттағы адамдарға зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыс табуға көмектеседі. Оларды қабылдауға ниет білдірген жұмыс берушінің жалақысы субсидияланады. Ай сайын мемлекет тарапынан 30 АЕК көлемінде ақша төленеді. Бұл 91 890 теңге.
Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін жұмыспен қамту орталықтарына немесе "Еnbek" электрондық еңбек биржасына жүгіну қажет.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады