|
Халықтың 17,5%-ы темекі шегеді
|
Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы қаңтарда ересек тұрғындардың темекі тұтынуы туралы кезекті жыл сайынғы зерттеуін жүргізді. Сауалнама республиканың барлық облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізілді. Оған 15 жастан асқан 12 000 үй шаруашылығының бір-бір мүшесінен қатысты.
Алынған нәтижелер көрсеткендей, тексерілген үй шаруашылығы мүшелерінің жалпы санынан қазіргі уақытта халықтың 17,5%-ы темекі шегеді, 2024 жылы бұл көрсеткіш 20,7% деңгейінде болған. Темекі тартушылардың үлесі ауылдық жерлерде 19,1%, қалалық жерлерде – 16,7%. Жалпы темекі шегетін халықтың 93,8% өнеркәсіпте шығарылған темекі түрін шегеді. Темекі тұтынатындар арасында ерлер 34%, әйелдер арасында 5% құрайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өз-өзін тыңайтатын өсімдік өсірудің жолы табылды
■
Алпауыт елдің биылғы доктринасы: тек күштілеріне көмектесу
■
Қытай алғаш рет жаңғыртпалы энергия көздерінің есебінен электр энергиясына деген жаңа қажеттіліктің орнын толтырды
■
Жыл соңына дейін исламдық ипотека ашылмақ
■
ITS исламдық ITS Shariah индексінің қайта теңгеруін жүргізді