|
Израил тарихында шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйел тұңғыш рет қазы болып тағайындалды
|
Тамра қаласында отбасы адвокаты болып жұмыс істейтін Хана Мансұр Хатыб есімді дінімізге сай бүркенген мұсылман әйел Изриал аумағындағы барлық соттардың қалай тағайындалғанын қадағалайтын арнайы комитеттің шешімімен шариғи соттың қазысы қызметіне тағайындалды. Аталмыш комитеттің барлық 9 мүшесі, олардың ішінде ультраортодоксалды партияның мүшесі Шас та бар, оның кандидатурасын жақтап, дауыс берген. Айта кетейік, Израилде иудей әйелге діни сот төрайымы болып жұмыс істеуіне тыйым салынған. Бұл жайында Haaretz ақпарат көзі хабар таратты. "Бұл тарихи сәт",- деді осы елеулі оқиғаға орай толқи сөйлеген Иссауи Фредж есімді израилдік саясаткер араб. Ол мұсылман әйелдің сот төрайымы болып тағайындалуына ұзақ уақытын сарп еткен болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр