|
Жасаған жақсылығы алдынан шықты (видео)
|
Сал ауруына шалдыққан қарағандылық 26 жастағы Нияз Сүндеталиев өзінің операциясына деп жиналған 5 миллион теңгеден астам қаражатты қайырымдылыққа жұмсады. Осыдан үш жыл бұрын 4-ші қабаттан құлап, төсекке таңылған Нияз операция жасау үшін 2 жыл күту керектігін айтады. Сол себепті халықтан жиналған қаржыны ем-дом қажет ететін науқас балаларға жұмсау қажет деп шешкен. Өзі мұқтаж бола тұра өзгелердің қамын ойлаған оның бұл мәрттігін естіп білген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы Үндістан емханасының ресми өкілдігі «МедИндия» компаниясының директоры Анна Вербина Ниязды тегін емдеуге бел байлағандарын жеткізді. Яғни, Нияздың ем-домына кететін және өзге де шығындарды аталмыш компания өз мойнына алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді